Алматылықтарға Әзірбайжан мен Грузиядан көлік сатып алу салдары туралы ескертілді

Алматылықтарға Әзірбайжан мен Грузиядан көлік сатып алу салдары туралы ескертілді
Сурет: Zakon.kz

Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан аумағында уақытша әкелінетін көліктерді сатып алу, мұндай автокөліктерді кедендік рәсімдеуден өткен соң, тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды төлегеннен кейін ғана пайдалануға болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шетелдік жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған автокөлікті бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша әкелуге рұқсат етіледі.

«Автокөліктерді шетел азаматтары уақытша әкелген кезде, егер оларды шетел азаматтары пайдаланған болса ғана кедендік төлемдер төленбейді»,-делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, талап етілетін кедендік баждар мен салықтар төленбеген жағдайда автокөлік уақытша сақтау қоймасының кедендік бақылау аймағында ұсталып, орналастырылуға жатады.
Алдағы уақытта көлік ұсталғаннан кейін бір ай ішінде төленбеген немесе алынбаған жағдайда мұндай автокөлік сатылып, қаражат ҚР бюджетіне аударылады.