Алматылықтарды таңғалдырған бағдаршам

Алматылықтарды таңғалдырған бағдаршам
Сурет: ашық дереккөз

Көше қиылысындағы жаңадан ілінген бағдаршам алматылықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. Фотолар әлеуметтік желіде пайда болды.

Кейбір қолданушыларда бұл бағдаршамдар тым төмен және жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалысына кедергі келтірмей ме деген сұрақ туындаған.

©Талғат Ғалымов/Facebook

Бұл бағдаршамдар велосипедшілер үшін арнайы жасалғаны белгілі болды.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, велосипед бағдаршамы адам бойынан жоғары.

«Велосипедшілер үшін орнатылған бағдаршам МЕМСТ бойынша 2,4 метр биікте ілінді», - деп нақтылады Алматы әкімдігі өкілдері.