Алматылықтар тікелей Делиге ұша алады

Алматылықтар тікелей Делиге ұша алады Сурет: интернеттен

Рейстер қыркүйектің соңында ашылады.


Үндістанның ірі IndiGo әуе компаниясы "Дели – Алматы – Дели" тікелей рейсін іске қосады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Рейстер қыркүйек айының соңында басталады және аптасына үш рет қатынайды.



"Жаңа тікелей рейстерді іске қосу бойынша келіссөздер шетелдік авиакомпаниялармен үнемі жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, соңғы уақытта Катар, Египет және Қытайға ұшу жиілігі артты. Шетелдік компаниялар Қазақстанға үлкен қызығушылық танытуда. Мысалы, осы жазда Оманның Salam Air әуе компаниясы "Алматы – Маскат" бағыты бойынш, аптасына 2 рет жиілікпен рейс ашты", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.



Ведомствоның ақпаратынша, Дели – Алматы рейсі Үндістандағы 75-тен астам бағытқа, сондай-ақ Азияның ірі қалаларына ұшатын авиакомпания үшін 32-ші халықаралық тікелей байланыс саналады. Сондай-ақ IndiGo-ның Еуропа мен Солтүстік Америкада өзінің серіктестік кодтары арқылы үлкен желісі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26