Алматылықтар полицияға тіркелмеген 34 қаруды тапсырды

Алматылықтар полицияға тіркелмеген 34 қаруды тапсырды Сурет: Polisia.kz

Полиция атыс қаруын заңсыз сақтау деректерінің алдын алу мақсатында тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 




«Тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды сатып алу бойынша іс-шаралар аясында аумақтық полиция бөлімшелеріне азаматтардан 24 өтініш келіп түсті. Азаматтар 34 бірлік тіркелмеген атыс қаруын, сондай-ақ мылтыққа арналған 60 патронды өз еркімен тапсырды. Тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді тапсырған азаматтарға төленген ақшалай төлемдердің жалпы сомасы 2,3 млн теңгеден асады. Сонымен қатар заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар, егер әрекеттерінде басқа құқық бұзушылықтар болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын айта кету керек», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31