Алматылықтар полицияға 23 қару тапсырды

Алматылықтар полицияға 23 қару тапсырды Сурет: Inform.kz

Заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру бойынша ауқымды науқан басталды.


Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өз еркімен тапсыру ақшалай сыйақы үшін жүзеге асырылады. Ішкі істер органдарында тіркелмеген кез келген қару заңсыз және тапсырылуға жатады. Кез келген мылтық, тегіс ұңғылы, травматикалық атыс қаруы аумақтық полиция басқармасына тапсырылуы тиіс. Қару қабылданған кезде зерттеу, қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру және тапсырылған заттың құнын бағалау үшін криминалистерге жіберіледі. Сонымен қатар жоғарыда аталған заттар адамды қамауға алу кезінде, сондай-ақ оларды анықтау және тәркілеу бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәркіленген болса, өз еркімен тапсырауға жатпайтынын айта кетейін», – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Рахим Толокулов.



Бүгінгі таңда Алматы қаласының ішкі істер органдарына азаматтардан 23 атыс қаруын, атап айтқанда, 18 тегіс ұңғылы қаруды, 1 травматикалық қаруды, 4 мылтық, мылтыққа арналған 60 патронды тапсыру туралы 14 өтініш келіп түсті.



«Барлық тапсырылған қарулар біріктірілген деректер банкіне сәйкес тексерілді, мылтықтар криминалистикалық сараптамаға жіберілді. Айта кетейін, науқан барысында азаматтардың заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруы туралы тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. ПД-ның барлық бөлімшелерінде, азаматтар көп жиналатын орындарда науқан туралы ақпараттық стендтер орнатылды», – деді Толокулов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04