Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз

Алматылықтар коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз Сурет: Kapital.kz

Қарызды қайтару шаралары қолға алынып жатыр. 


Алматы тұрғындары коммуналдық қызметке 1,5 млрд теңге қарыз. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінгі таңда тұтынушылардың пайдаланған ыстық су мен жылу үшін кәсіпорын алдындағы жалпы қарызы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде заңды және жеке тұлғалармен қатар мемлекеттік мекемелер де бар. Қазір дебиторлық қарызды қайтару шараларын қолға алып жатырмыз», — деді Данияр Қазымбетов.



Компания өкілі қала тұрғындарын жылу мен ыстық суға қарыздарын төлеуге шақырды. Бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі мегаполис жылыту маусымына толық дайын екенін мәлімдеген болатын.


Ережеге сәйкес, қаланы жылу жүйесіне қосу сыртқы ауа температурасы +8°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде жүргізіледі. Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылатын болады. Кейін жылу көп пәтерлі тұрғын үйлерге беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49