Алматылықтар қайтадан маска тағатын болды

Алматылықтар қайтадан маска тағатын болды
Сурет: Тotal.kz

Бұдан бұрын қаламыздың «сары» аймаққа өткенін хабарлағанбыз.

Аталған қаулы 7 шілдеде күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі. Қаулыға сәйкес:

КВИ-мен ауыратын адаммен жақын байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге және медициналық бақылауға ауыстыру;

7 күн ішінде БМСКК және телемедицина орталығы денгейінде ауырлығы жеңіл және асимитоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Қаулы 7 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ, жабық бөлмелерде маска режимін енгізу және байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және егуге болмайтын адамдарды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды.