Алматылықтар енді жарыққа көбірек төлейді

Алматылықтар енді жарыққа көбірек төлейді
Сурет: Akchabar.kg

Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың (ЭҚҰ) тарифтері тұтынушылар тобы үшін әр түрлі.

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тариф өзгермейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жеке тұлғалар төмен, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдар электр энергиясы үшін көп төлейді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі жағдайда ШОБ субъектілері жыл сайын электр энергиясы үшін шамамен 31 млрд теңге артық төлейтінін мәлім етті. Сондықтан бірнеше жылдың ішінде Қазақстанда тарифті кезең-кезеңімен өзгерту жоспарлануда.

Мәселен, алматылықтар үшін электр энергиясының құны тұтынылатын энергия көлеміне қарай орта есеппен 200-300 теңгеге қымбаттайды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тариф өзгермейді. Яғни, айырмашылықты мемлекет атаулы көмек арқылы субсидиялайды.