Алматылықтар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды

Алматылықтар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды Сурет: Тourister.ru

Демалыс күні кассаларда кезектің болмауы да бағаның әсерінен болса керек.


Алматыда ата-аналар аттракцион бағасының қымбаттағанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz іnalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.


Ең арзан аттракцион – "Слалом"-ның жарты минуттық қызығы үшін 400 теңге төлеу керек. Басқа аттракциондар 680 теңгеден 990 теңгеге дейін. Әрине, кезек болмағандықтан уақыт тезірек өтеді, саябақта бар болғаны бір сағатта ата-аналар 7-10 мың теңге аралығында ақша жұмсайды. Бұл, әсіресе, көпбалалы отбасыларға қиын.



"Біздің жалғыз қызымыз бар, соның өзінде саябаққа жиі бармаймыз. Бала кезімде ата-анаммен бірге талай аттракционға мінгенім есімде. Қазір ата-аналардың көпшілігі тек қарап тұруға барады. Әрине, Алматыда ауқатты жанұялар көп, бірақ басқа балалар да өздерін кем сезінбеуі керек. Аттракциондар өте қымбат, бірақ саябақ та шығынын жаппаса, жұмыс істей алмайды. Шығынның жартысын қала әкімдігі өз мойнына алып, кішкентай алматылықтар мен қала қонақтары саябаққа бара алса, жақсы болар еді!", - дейді оңтүстік астананың тұрғыны Ақмарал Бекеева.



Кішкентайларға арналған алаңда 10 минут ойнауға 700 теңге төлейсіз. Саябақ арқылы балалар көлігімен жүрудің бағасы 1000 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49

10:44

09:43