Алматылық журналистер ағаш отырғызды

Алматылық журналистер ағаш отырғызды
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда бес жылда 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Биылғы ағаш отырғызу маусымын бастаған алматылық журналистер қала іргесіндегі  "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" РМҚК-не қарасты "Междуреченск" өндірістік бөлімшесінде қырым қарағайының көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара Халықаралық орман күніне орайластырылды. 
Комитеттің баспасөз қызметінің өкілі Мақсат Насырдың айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы Жолдауына сәйкес, 2021-2025 жылдары 843,0 мың га алқапқа 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланған.

Көк желектің басым бөлігі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Семей және Ертіс орманы резерватының аумақтарында отырғызылмақ.