Алматылық жасөспірім 18-қабаттан құлап, мерт болды

Алматылық жасөспірім 18-қабаттан құлап, мерт болды
Сурет: Solar-group.kz

Тиісті сараптама тағайындалды.

Алматыда көп қабатты үйдің 18-қабатынан жасөспірім құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм 2007 жылы туған.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.