«Назар аударыңыз! Балалар!»

«Назар аударыңыз! Балалар!»
Сурет: Polisia.kz

Алматылық төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігін сақтау ережелері түсіндірілді

Оның аясында жол қозғалысы ережелері бойынша түрлі-түсті брошюралар, буклеттер мен жадынамалар әзірленді. Олар қаладағы жалпыға білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушылары арасында таратылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мақсат – балалардың қала көшелерінде өзін-өзі ұстау ережелері туралы білімдерін бекіту, көшеде қауіпсіз жүріс-тұрысының тұрақты дағдыларын қалыптастыру, жолда өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін ояту. Түсіндіру жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Бастауыш сынып оқушылары арасында тақырыптық сабақтар өткізілді. Балалар жолда жүру ережелері туралы білімдерін кеңейтіп, тәжірибелерімен бөлісті, жолды дұрыс кесіп өту жолдарын айтты. Сонымен қатар, мектеп оқушылары үшін жол қозғалысы ережелері туралы иллюстрацияланған бояғыш кітаптар, буклеттер, брошюралар әзірленді», – деді Алатау аудандық ПБ ӘПБ-нің аға мемлекеттік жол инспекторы Қуаныш Тәбеев.

Оны жүзеге асырудың жүйелі тәсілі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаларының бірі болып жарияланды. Білім беру мекемелері балаларды оқыту, тәрбиелеу жүйесінің негізгі буындары саналады және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерін шешуге жан-жақты көмек көрсетеді.

«Жыл сайын қалада көліктер көбейіп келеді. Ал кейде жолдардағы жағдай оңай емес. Сондықтан балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – полицияның басты міндеттерінің бірі. Біз оларды қорғау үшін және көшелерде, жолдарда, көлікте қауіпсіз жүріс-тұрыстың қажетті білімдерін, дағдыларын, әдеттерін қолжетімді жолдармен жеткізу үшін барлығын жасауға міндеттіміз», – деді Тәбеев.