Алматылық таксист Италия азаматын қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген

Алматылық таксист Италия азаматын қонақүйге 45 мың теңгеге жеткізген
Сурет: Almaty.tv

Жеке такси қызметін көрсетіп жүрген адамның кім екені анықталған.

Көлік полициясы италиялық азаматшадан қонақүйге жеткізгені үшін 45 мың теңге алған алматылық таксистің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Италиядан келген азаматша Алматы әуежайынан қонақүйге жеткізгені үшін таксиске 45 мың теңге төлеген.

Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың айтуына қарағанда, қала тұрғынынан шетел азаматын аса қымбат бағамен жеткізіп тастаған жүргізушіге шара қолдану керектігі туралы өтініш түскен.

Көп өтпей жедел іздестіру шаралары нәтиже беріп, жеке такси қызметін көрсетіп жүрген адамның кім екені анықталған.