Алматылық спортшы AIGA грэпплингтен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Алматылық спортшы AIGA грэпплингтен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Сурет: Almaty.tv

Алматыда жастар мен жасөспірімдер арасында өткен AIGA грэпплингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жарысқа 16-19 жас аралығындағы балалар және 16-17 жастағы қыздар да қатысты.

Дінмұхамед Қуанғалиев шешуші белдесуде Жетісу өңірінен келген Денис Натаровты жеңді. 

Грэпплинг – бұл жекпе-жектің басқа түрлеріне қарағанда салыстырмалы түрде беріде пайда болған түрі. Бұл жерде күрес техникасының әр түрі жинақталған, онда қылқындыру тәсілдерін қолдану шектелген. Спорттың бұл түрі бразилиялық джиу-джитсудың, еркін күрестің, жауынгерлік самбо мен дзюдоның ең тиімді техникалары негізінде құрылған.