Алматылық сарапшылар аутизм спектрі бұзылған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстарымен бөлісті

Алматылық сарапшылар аутизм спектрі бұзылған адамдар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ұсыныстарымен бөлісті
phonoteka.org

Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күні қарсаңында Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Асыл Мирас» аутизм орталығының басшысы Альмира Қалимова аутизм спектрі бұзылған адамдар үшін инклюзивті орта құру бойынша ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Аутизм (АСБ) - әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың болмауымен, қызығушылықтардың тар шеңберімен және мінез-құлық ерекшеліктерімен сипатталатын ауру.

«Келесі жексенбі, 2 сәуір - аутизм мәселелерімен қандай да бір байланысы бар адамдар үшін маңызды және айтулы күн. Бұл күні әлемде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандырудың күні атап өтіледі және бүгін біз АСБ бар адамдар үшін және жалпы қоғам үшін қолайлы жағдай жасау туралы айтқымыз келеді», - деп атап өтті А.Қалимова.

Ол ата-аналар мен қоршаған ортаға баланың мінез-құлқындағы келесі жайттарға назар аудары керектігін айты: 

- көзге қарамайды (саналы түрде көзбен байланыс жоқ);

- атын атаса, қарамайды;

- сұрау, көрсеткіштік ишараны меңгермеген;

- стереотиптік мінез-құлық көрсетеді (көбелек сияқты қолдарын бұлғайды, қабырғадан қабырғаға жүгіреді, дөңгелектерді айналдырады, заттарды бір қатарға тізеді және т.б.);

- қауіпсіздік түсінігі жоқ;

- әлеуметтік қабылданбаған жат қылық көрсетеді (бала тістейді, өзін қабырғаға соғады/ басын еденге ұрады, жерге құлайды, аяғымен тарсылдатады, агрессия көрсетеді, өзінен-өзі агрессия көрсетеді).

Өз кезегінде «Асыл Мирас» орталығының клиникалық супервайзері Меруерт Ахыншаева ата-аналар мамандарға ертерек  жүгініп, баламен жұмыс істей бастаса, бейімделу мен әлеуметтену мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатынын атап өтті.

Осы мақсаттарда орталық «аутизмді диагностикалаудың алтын стандартын» - ADOS-2 құралын пайдаланады. Ол бес модульден тұрады, олар баланың жасына және сөйлеу даму деңгейіне сәйкес тексеру үшін таңдалады. Бұл құрал бүкіл әлемде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Орталықтың көп жылдық тәжірибесі бар сарапшылары АСБ бар адамдармен қарым-қатынас жасау бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті:

- сабырлық сақтау;

- баланың ата-анасына көңіл бөлу;

- көмек қажет пе екенін сұрау;

- баланың айналасындағы аумақты қауіпсіз ету, нәзік және қауіпті заттарды алып тастау;

- баланы және ата-ананы өзгелердің шамадан тыс назар аударуынан қорғау.

Сондай-ақ, мамандар ата-анаға нашар тәрбие туралы ескерту жасап, ақыл-кеңес беруге, балаға қандай да бір тәттілер мен ойыншықтарды ұсынуға, балаға жақындап, оны тыныштандыруға тырысуға, балаға оны алып кететінін айтуға, айғайлауға немесе ұрсуға болмайтынын айтады, басқалардың назарын аударып, жедел жәрдем, полиция және басқа қызметтерді шақырудың қажеті жоқ.