Алматылық полицейлер ұрланған қарудың тағы бір партиясын тәркіледі

Алматылық  полицейлер ұрланған қарудың тағы бір партиясын тәркіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Күдікті кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді. 

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаламбаев көшесіндегі үйлердің бірінің жанында екі мылтық пен патрондарды салатын қалта көмілген. 

«Біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында биылғы жылдың 6 қаңтарына қараған түні қару-жарақ дүкенінен қару ұрлағаны үшін 1994 жылы туған С.есімді азаматты ұстады. Айғақты зат ретінде тұрғын үй маңына көмген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Атап айтқанда, мәселе «Remington» мылтығы, «Benelli» тегіс ұңғылы мылтығы, екі патрон салатын қалта және сегіз патрон туралы болып отыр. Күдікті кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағанын айтып берді. Қылмыстық іс тергелуде», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.