Алматылық полицейлер ірі алаяқтыққа қатысы бар қырғызстандық азаматтарды ұстады

Алматылық полицейлер ірі алаяқтыққа қатысы бар қырғызстандық азаматтарды ұстады Сурет: Polisia.kz

Шетел азаматтары арнайы іс-шара нәтижесінде ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Киберполдың мәліметінше, олар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға жауапты адамдар.



«Алматыда Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жалға алынған пәтерде Қырғызстанның үш азаматы ұсталды. Олардың Қазақстанға ақша табу мақсатында келгендігі белгілі болды. Ұсталғандардың айтуынша, олар жұмыс берушімен интернет арқылы танысқан. Дәл осы әдіспен басқа төлем ресурстарын пайдалана отырып, қаражатты алу және оларды одан әрі жіберу туралы нұсқаулар алып отырған. Шетелдіктер осы жұмысы үшін сыйақы алған», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов.



Күдіктілердің құрбаны 75 жастағы зейнеткер болды. Банк қызметкерлері оған қоңырау шалып, дәстүрлі сценарий бойынша рұқсат етілмеген несиелік өтінім беру туралы хабардар етіп, жинақ ақшасын қауіпсіз шотқа аударуға көндірген және ақшаны ұрлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17