Алматылық оқушы IT саласы бойынша жеңімпаз атанды

Алматылық оқушы IT саласы бойынша жеңімпаз атанды almaty-akshamy.kz

Бүгінгі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ өмірімізге еркін енген ақпараттық технологиялар­ды да әбден меңгеріп алды. Содан болар, өркениеттің төл туындысы, IT саласына қызығушылық танытпайтын жас кемде-кем. Сондай талантты жастың бірі – Алма­тыдағы №17 мектеп-интер­натының 7-сынып оқушысы Айнұр Елмұратқызы Астана қаласында өткен Web Xakaton форматындағы IT олимпиадасына қатысып, 1-орынды жеңіп алды.


Жас таланттардың қиялы ұшқыр


Web Xakaton олимпиадасы екі кезеңді қамтыды. Алдымен қатысушылар онлайн, сосын офлайн форматта сайысқа түсті. Бай­қауға қатысушылар Астана қаласында бас қосып, 450-ден астам веб-сайт әзірлеушілер мен веб-дизайнерлер IT саласы бойынша бақ сынады. Жас ізденушілердің жіберген жұ­мыстары 4 номинация бойынша іріктеліп, ең үздік 40 бала финалға жолдама алады. Олар жас ерекшеліктеріне қарай «Салауатты өмір салты», «Қалдықсыз өмір» тақыры­бында сайт жасап жарысты. Байқауға тө­релік жасаған әділқазылардың айтуынша, жас өнертапқыштардың жұмыстары кәсіби маманның жұмысына пара-пар. «Жас та­ланттардың қиялы ұшқыр, ғылыми жобала­ры күрделі», – деп жоғары баға берді. Олар­дың жобаларының біразына қазірдің өзінде сұраныс түсіп жатқан көрінеді.


Сонымен, осынау додаға қатысып, Алма­ты қаласының намысын қорғаған Айнұр Елмұратқызының болашағынан зор үміт кү­туге болады. Ол қазірдің өзінде IT саласын терең зерттеп, өзінің ғылыми жобасын әзір­леу үстінде.



– Астана қаласына ғылыми жетекшім Гүлзат Балғымбаева апайым екеуміз бардық. Жалпы, Web Xakaton байқауына біздің сы­ныптан мен ғана қатыстым. Алдымен онлайн қатысып көріп едім. Жобаларым жоғары баға алды. Астанадан шақырту келгенде қатты қуандым әрі қатты толқыдым. Бізге жас ерекшеліктерімізге қарай тапсырмалар берілді. Маған «Қаржылық сауаттылық» та­қырыбына веб сайт жасап шығу тапсырыл­ды. Өз жұмысыма мобильді қосымшалар жасауға арналған бағдарламаларды қолдан­дым. Әділқазылар алдына шығып, өз жо­бамды қорғап шықтым. Болашақта осы IT саласының маманы болсам деймін. Дәлірегі, бағдарламашы болам деп шештім. Бұл салада көбі ағылшын тілінде болғандықтан, арнайы курсқа барып жүрмін. Отбасымызда бес ба­ламыз. Ата-анам менің жеңісіме қуанып, қолдау білдіріп жатыр. Мектепте салтанатты жиын болып, мені директорымыз Айнұр Ерұланқызы барлық ұжым атынан құттықта­ды.



Дарынды бала дара шықты


Осы мектептің тағы бір мақтанышы – Шыңғыс Асхатұлы жас дарындарды қолдау мақсатында өткізілген республикалық «Жас IT дарын» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.


ҚР Ішкі істер министрлігінің қолдауымен Мақан Есболатов атындағы Алматы акаде­миясында өткен бұл байқауда Шыңғыстың «Кибер қауіпсіздік» деп аталатын ғылыми зерттеу жұмысы ең үздік деп танылды. Жал­пы, аталмыш байқауға 300 жас өнертапқыш қатысса, олардың тек 30-ы ғана финалға өтті.



– Мен болашақта IT саласының кибер қауіпсіздігін терең зерттесем деймін. Өйт­кені, бұл қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Осы байқауға қатысуыма ғылыми жетекшім Назым Сәтбаеваның еңбегі өте зор болды, – дейді дарынды жас.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58