Алматылық оқушы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарында

Алматылық оқушы әлемдегі үздік жас физиктердің қатарында
Сурет: Amiel.club

Еліміздегі зияткерлік мектептердің екі оқушысы үздік жас физиктердің қатарына қосылды.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Ерсұлтан Пітебай Asian Physics Olympiad-тың (APhO) жеңімпазы атанып, алтын медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Egemen.kz-тің ақпараты бойынша, ол былтыр Үндістанда өткен сайыста қола медаль алған болатын. 

Ал Ақтөбедегі Зияткерлік мектеп оқушысы Әлішер Еркебаев Азия олимпиадасының қола жүлдесін екінші мәрте еншіледі. 

APhO – Азия-Тынық мұхиты елдері оқушылары арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан беделді білім бәйгесі. Биылғы олимпиада Монғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өтті.