Алматылық мұғалімдер Финляндияда ел намысын қорғайды

Алматылық мұғалімдер Финляндияда ел намысын қорғайды Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласындағы  химия-биологиялық бағытындағы  NIS мұғалімдері Шолпан Әбішева мен Айжан Омарханова  Pro.NRG 2023  жаһандық фестивалінің   «Science on Stage Kazakhstan» ұлттық іріктеу турнирінің жеңімпаздары атанды.


Pro.NRG-2023 педагогтар мен ғалымдар үшін дәстүрлі халықаралық ғылыми форум ретінде танылған. Биыл  беделді фестиваль   «STEM-білім берудің тұрақты дамуы» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Еуропаның жаратылыс саласындағы тәжірибелі профессорлары Майкл Грегори (Франция), Гордон Кеннеди  (Италия), Наско Стаменов (Болгария), Пол Ландманнан  (Испания) төрелік еткен байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50 үздік қазақстандық жоба талқыға түсті. Нәтижесінде сарапшылар жеті  жобаны таңдады. Жеңімпаз ұстаздар  келесі жылдың жазында Финляндияда өтетін 13-ші Еуропалық «Science on Stage-2024 фестивалінде» республиканың абыройын қорғайтын болады.


«Science on Stage» фестиваліне Еуропаның 30-дан астам елінен ұлттық  байқаулардың жеңімпаздары қатысады. Кәсіби алаңда әлемнің түкпір-түкпірінен баратын 500-ге жуық мектеп мұғалімдері стендтерде, семинарларда және сессияларда өздерінің ең креативті STEM идеяларымен бөлісетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02