Алматылық мамандар аутизмге шалдыққан балалармен қарым-қатынас жасау жұмысы мен әдістері туралы айтты

Алматылық мамандар аутизмге шалдыққан балалармен қарым-қатынас жасау жұмысы мен әдістері туралы айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты педагог-психолог Зәуре Жангелдинова орталықта 31 наурызда орталықта Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған республикалық семинар өтетінін айтты.

Мамандар дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың саны артып келе жатқанын айтуда. Статистикаға сәйкес, ерте жастағы аутизммен ауыратын балалардың саны 1052 бала, мектеп жасына дейінгі балалар (3 жастан 5 жасқа дейін) – 4331 бала, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 6704 бала.

«Біз аутизммен ауыратын балалардың жасына қарай олардың саны көбейгенін байқаймыз. Оның себептерінің бірі – ерте жастан аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің жеткіліксіз болуы, баланың дамуына ерте араласудың болмауы. Қазіргі заманда ерте араласудың маңыздылығы туралы айтылып жүргенімен, әлемдік статистика ерте түзету көмегі бар аутизммен ауыратын балалардың 60-70 пайызы қоғамда жақсы бейімделіп, әлеуметтенетінін көрсетеді», - деп түсіндірді З.Жангелдинова.

Біздің елімізде 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 18 жасқа дейінгі балаларға жеке немесе топтық түрде көмек көрсететін 13 республикалық орталық бар. Сондай-ақ 44 арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарда және 9 аутизм орталығында аутизммен ауыратын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі.

Орталықтың мәліметінше, 2022 жылы аутизмге шалдыққан 1789 балаға, РО - 288 балаға, аутизм орталығында 733 балаға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілген. 

2020 жылы отандық мамандар аутизммен ауыратын баланың қарым-қатынасына, әлеуметтік өзара әрекеттесуіне және әлеуметтенуіне бағытталған арнайы дамыту бағдарламасын әзірледі. Бүгінде ол оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде, арнайы және жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.

Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің педагог-психологы Әсел Бақтығали аутизммен ауыратын балалардың 90 пайызында сенсорлық интеграцияның бұзылуы, яғни сенсорлық интеграцияның дисфункциясы бар екенін айтады. Сенсорлық интеграциялық терапия аутизмі бар баланың мінез-құлқы мен дамуын ұйымдастырудың тиімді әдісі болып табылады.

«Аутизмі бар балалар миы сенсорлық ақпаратты тіркемейді, бұл қалаусыз немесе аулақ жүретін әрекеттерге әкеледі. Көбінесе мұндай балалардың миы қауіпті сезбейді және бала одан тәжірибе алмайды», - дейді ол.