Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді

Алматылық құтқарушылар тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді
Cурет: Ашық дереккөз

Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз

Ауа райының нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді. 27 наурыз күні таулы аймақтарда қалың тұман түсіп, қөктайғақ болады. Жауын-шашын күтіледі.

Осыған байланысты ТЖД Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Қатты жауын-шашын ( қар, жаңбыр) немесе қатты дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс;
- Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерін байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкіні болуы мүмкін;
- Егер сіз тауға шықсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;
- Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн-бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді;
- Үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;
- Рюкзактарда мыналар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артықтықетпейді;
- Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз;
- Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.