Алматылық қоғам қайраткерлері дауыс берді

Алматылық қоғам қайраткерлері дауыс берді

 Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша жалпы дауыс беру өттті. Орталық сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 65,04%-ы дауыс беруге қатысты. Алматыда 574 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оған халықтың 29,82%-ы қатысты. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері де жетерлік.

Референдумды қолдап, дауыс беруге қатысқан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Михаил Грачев бүгінгі референдумның еліміз үшін тағдыршешті болатынын атап өтті:

«Елімізде өтетін әр сайлау сайын мен дамыған демократиялық қоғам құру және еліміздің болашағын айқындау жолындағы азаматтық парызымды орындау үшін алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымды беремін», - деді депутат.

Өз кезегінде «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов елімізде елеулі өзгерістер болып жатқанын және референдум соған дәлел екенін атап өтті.

«Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан құру туралы бастама көтерді. Біздің халқымыз дана, түсінігі мол - әркімнің айқын өзіндік ойы, позициясы бар. 30 жыл ішінде қоғамда жаңа ойлар мен идеялар өрбіді. Салдарынан біздің елімізге өзгерістер қажет – бұл бүгінгі қоғамның талабы. Осы төңірегінде бұған дейін көптеген пікірлер айтылды, кездесулерде әртүрлі қызмет салаларындағы адамдардың түрлі ойлары белгілі болды. Осыған байланысты, Қазақстан халқы ҚР Конституциясына енгізілген түзетулерді қолдайды. Мен де еліміздің болашағы үшін өз дауысымды бердім», - деді спикер.

Өз сайлау учаскесіне мәслихат депутаты Ерболат Қасымов та дауыс беруге келді, ол елдің болашағы үшін таңдау жасауды өзінің азаматтық парызы деп біледі.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахат Шимашева да өзінің белсенді азаматтық ұстанымын білдірді:

«Мен біздің еліміз жақсарып, жаңа деңгейге көтерілетініне сенемін. Жаңа Қазақстанды құру үшін бірігейік!» - деп қорытындылады ол.