Алматылық имамдар көшет отырғызды

Алматылық  имамдар көшет отырғызды
Сурет: ҚМДБ

500 түп көшет отырғызуға қаланың барлық мешітінен имамдар мен ұстаздар жұмылдырылды.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау ауданы «Саялы» шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» жобасы аясында 500 түп көшет отырғызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы қолдау білдіріп, қаланың барлық мешітінен имамдар мен ұстаздар жұмылдырылды. Қасиетті Рамазан айындағы сауапты амал қаланың жаңадан қосылған «Саялы» шағынауданының тұрғындары үшін жасыл желекті саябаққа айналуына септігі тиеді деп сенеміз.