Алматылық Дэниел Джеймс қала тұрғындарын мерекемен құттықтады

Алматылық Дэниел Джеймс қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Дэниел Джеймс аз уақытта мемлекеттік тілді жетік меңгерген. 

Алматы қаласының тұрғыны Дэниел Джеймс барша жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Дэниел Джеймс - Нигериядан келген өзге ұлт өкілі. Қазақстанға келе салысымен, мемлекетті тілді үйренуге бар күш-жігерін жұмсапты. Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен. Қазіргі таңда ол қазақ тілін жетік біледі. 

Бүгінгі мерекеде ол қала тұрғындарын шын жүректен құттықтап, «Армандастар» әнін шырқады.