Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады

Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады Сурет: Inform.kz

Алматылық дәрігерлер тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан 9 балаға күрделі микрохирургиялық операция жасады


Алматыдағы №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында ресейлік микрохирург Андрей Вайтингердің қатысуымен екі күндік шеберлік класы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Шеберлік класы шеңберінде пациенттер білікті дәрігерлерлерден кеңес алды. Ең бастысы, мукополисахаридоз ауруымен ауыратын 9 балаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен операция жасалды.


Бірегей күрделі оталарды ресейлік маманмен бірге №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматология және ортопедия бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин мен балалар хирургі Ұлжан Солтанбекова жасады.



«Операциялардың бәрі шағын инвазивті әдіспен жасалды. Арнайы құралдардың көмегімен жасалған хирургиялық манипуляция саусақтардың қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірегей операцияларды жасау арқылы біз де алдағы уақытта кәдеге жарайтын үлкен тәжірибе жинақтадық», - деді Ерлан Садырбалин.



Мукополисахаридоз – ағзада гликозаминогликандардың жинақталуы салдарынан болатын тұқым қуалайтын ауру. Дәнекер тіндерді зақымдайтын дерт салдарынан жүйке жүйесі, көзі, ішкі органдары мен қимыл-қозғалыс аппаратының жұмысы бұзылады. Мукополисахаридоз - әлемде 100 мың адамның 50-інде кездесетін сирек (орфандық) ауру.


Естеріңізге сала кетсек, Елімізде 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55