Алматылық дәрігерлер бір күнде 4 науқастың көзіне күрделі операция жасады

Алматылық дәрігерлер бір күнде 4 науқастың көзіне күрделі операция жасады
inform.kz

Қаланың орталық клиникалық ауруханасында 4 пациенттің көзіне жаңадан сатып алынған американдық фако-витральды аппараттың көмегімен күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Емдеу мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, операция көз торшасының қабатталуы, гемофтальм, катаракта диагноздары бар пациенттерге жасалды.

Гемофтальм – бұл көру органының полиетиологиялық ауруы, ол қан тамырлары мен шыныдан қан кетудің бұзылуына байланысты дамиды

«Бұл жабдықта көздің көзбұршағына, сондай-ақ, көз алмасының артқы жағындағы кесіндісіне шұғыл араласумен жасалды. Жаңа аппарат пациентке бір уақытта құрамалы операция жүргізумен ерекше. Біз бір күнде 4 науқастың көзіне күрделі операция жасадық», - деді орталық қалалық клиникалық аурухананың офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абраимова.

Енді орталық қалалық килинкалық аурухананың офтальмологтары Алматы қаласының тұрғындарына кезінде көз ауруларының ғылыми-зерттеу институтында ғана жүргізілген, ауыр, жоғары технологиялық операцияларды жасай алады.

Жаңа жабдық офтальмологиялық хирургия үшін АҚШ-тағы жетекші өндірушілерінің бірінде жасалды.

«Мұнда көптеген функциялар бар. Атап айтсам, қысымды бақылау және жоғары жылдамдықта дәлме-дәл кесу, лазермен сәулелендіру. Бұл күрделі операцияны жылдам жасауға септігін тигізеді. Тігусіз технологияны пациент жеңіл көтереді», - деді дәрігер.