Алматылық дәрігер тотығу қаупі неден болатынын айтты

Алматылық дәрігер тотығу қаупі неден болатынын айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Маман тері қатерлі ісігін уақытында қалай тануға болатынын түсіндірді.

Алматы дерматологтары тотығу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz АОО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Онкологиялық орталығының дерматолог-онкологы Ерлан Асетилланың айтуынша, күн сәулесінде әрине жүруге болады, бірақ кейбір шараларды өз денсаулығыңызға зиян келтірмеу ушін білуіңіз керек!

Дәрігердің сөзіне жүгінсек, күн сәулесінің пайдасы мол, ол көңіл-күйді жақсартады, өйткені біздің ағзамызда D дәрумені пайда болады. Бірақ дәрігер атап өткендей, шамадан тыс ультракүлгін сәулесі денсаулыққа канцерогенті әсер етуі мүмкін. Сондықтан күннің ультракүлгін сәулеленуі немесе күнге күйіп қалуының жасанды кезінде (жасанды тотығу жабдығы) теріде қатерлі ісікке дейінгі өзгерістер пайда болуы мүмкін.

 «Тотығу кезінде сіз көлеңке табуыңыз керек және де таңертең немесе кешке( таңертеңгі 10-ға дейін және күндізгі 17-ден кейін) күнге тотығуыңызға болады. Ал тапатал түс кезінде, күн сәулесі аса мықты уақытта өзіңізді қорғау керексіз. Ең жақсы қорғаныс: бас киім, көзілдірік, қолшатырлар, ұзын жеңдеңді киімдер, көліңке және т. б. Бірақ, есіңізде болсын, кремдер терінің қатерлі ісіктерінің пайда болу қаупін төмендетпейді. Олар теріні күн сәулесінен қорғайды, бірақ онын күші аз. Ал дұрыс таңдалған киім қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетеді», - ескертті дәрігер Ерлан мырза.

 Онколог күннің күйіп қалуы қауіпті екенін түсіндірді.

«Күйік-бұл із-түссіз кетпейтін жарақат. Қатерлі ісік бір – екі күнде пайда болмайды, бұл өте ұзақ сатылы процесс. Сау жасушаның қатерлі ісікке айналуы үшін оның генетикалық ішкі құрылымында бірнеше рет өзгеріс болуы керек. Кейде ол ондаған жылдарға созылады», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, дәрігер тері қатерлі ісігінің бірінші кезеңінде барлық науқастардың 96-99%-ы толық емделетінін атап өтті.

 Көп жағдайда бұл ісіктер хирургиялық әдіспен немесе фотодинамикалық терапиямен сәтті емделеді.

«Емдеу әдісін таңдау ісіктің мөлшеріне және оның орналасуына байланысты. Емдеудің сәттілігі тері қатерлі ісігінің ерекшеліктерімен сатысына, ісік мөлшеріне, метастазалардың болуына немесе болмауына байланысты. Егер науқас аурудың бастапқы кезеңдерінде дәрігерге жүгінсе, онда ауру толығымен жүз пайыз жағдайда емделеді, - деп қорытындылады маман.