Алматылық азамат бір күнде жол ережесін 92 рет бұзған

Алматылық азамат бір күнде жол ережесін 92 рет бұзған
Сурет: Avtovzglyad.ru

Айыппұл сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрады.

30 жастағы алматылық азамат бір тәулік ішінде 92 рет жол ережесін бұзған. Оған салынатын айыппұл сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

26 сәуірде Алматы тұрғыны жалған нөмірмен жүріп, бірнеше рет жол ережесін бұзған. Полицейлер оны «Қорғау Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтады. 

«Өткен тәулікте ғана «Қорғау Сергек» жүйесі қала жолдарында жалған нөмір пайдаланған 11 автокөлік жүргізушісін анықтады. Олар жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын 790 құқықбұзушылыққа жол берді. Құқықбұзушылыққа қатысы бар автокөліктер анықталып, арнайы айып тұрағына қамалды», – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Жыл басынан бері жалған нөмір қолданғаны үшін 171 жүргізушіге айыппұл салынған.