Алматылық "аманаттықтар" партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасын қолдады

Алматылық "аманаттықтар" партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасын қолдады

Саяси кеңес құрамы 13 адамға жаңартылды

Құжатта баяндалған бастамалар осыған дейін 300-ден астам бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында және партияның сегіз аудандық филиалының партиялық конференцияларында оң пікір тудырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін партия қалалық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясының жүз делегаты президенттік реформалар бағытын одан әрі іске асыруға өздерінің қолдауы мен дайындығын білдірді.

AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, мегаполис әкімі Ерболат Досаев және басқа да белді партия мүшелері саяси Платформа жобасының идеологиялық бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Партиялықтардың айтуынша, уақыттың ағымдағы сын-тегеуріндеріне, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси трендтерге, ел тұрғындарының бірінші кезектегі қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді.

Платформа жобасын таныстыра отырып, спикерлер өз сөздерінде депутаттар, пікірлестер, сарапшылар қауымдастығы, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, сондай-ақ біздің қаламызда тұратын азаматтық белсенділер ескерген негізгі бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, өз қатарында 52 мың адамнан тұратын AMANAT партиясының Алматы филиалы партиялықтар саны бойынша бүгінде Астана мен Шымкент мегаполистері арасында көш бастап тұр.

Бірқатар ішкі ұйымдастырушылық ерекшеліктерді, сондай-ақ партияның кезектен тыс ХХІV Съезін ескере отырып, конференция делегаттары қалалық филиалдың партиялық органдарына өзгерістер енгізуге дауыс берді. Мысалы, Саяси кеңес құрамы 13 адамға жаңартылды, ал Саяси кеңес Бюросының құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры – Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар жөніндегі комиссиясының төрайымы – Әсия Ақанова, мәслихаттағы AMANAT депутаттық фракциясының жетекшісі – Серік Есматов және қаламыздың ең жас депутаты – Жансая Әбдімәлік кірді.

Алдағы 6 қазанда Астанада өтетін AMANAT партиясының ХХІV (жиырма төртінші) Съезінде Алматы қаласы атынан 40 делегат қатысады. Олардың қатарында 9 делегаттың ғылыми дәрежесі бар, ал 13 делегат ірі бастауыш партия ұйымдарын басқарады.