Алматылық адвокаттар 14500-ден астам азаматқа заңды көмек көрсетті

Алматылық адвокаттар 14500-ден астам азаматқа заңды көмек көрсетті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қызмет құнының жалпы сомасы 183 093 000 теңге болған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Әділет департаментінің өкілдері адвокаттардың көмегіне кімдердің құқығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Берікбол Сәменов 2022 жылы Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары мемлекет кепілдік берген 14 589 азаматқа жалпы сомасы 183 093 000 теңгеге заң көмегін көрсеткенін айтты.

«Құқықтық кеңес алу үшін қала тұрғындарына Алматы қалалық адвокаттар алқасына келу қажет. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 15 заң консультациясы жұмыс істейді, оларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар жүгіне алады. Заң консультацияларының мекенжайларымен Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми сайты арқылы немесе 119 және 1414 (Құқықтық ақпараттық қызмет) нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Сонымен қатар, Құқықтық ақпараттық қызмет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша телефон байланысы арқылы құқықтық консультацияны жүзеге асырады», - деп хабарлады Б.Сәменов.

 Сондай-ақ ол азаматтарға кепілдендірілген мемлекеттік көмек пен заңгерлік көмек әділет органдарының  маңызды бағыттарының бірі екенін түсіндірді.

«Әркімнің қорғануға құқығы бар екенін бәрі біледі. Бірақ егер адамның адвокат жалдауға мүмкіндігі болмаса, онда оған бюджет есебінен мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілетінін бәрі біле бермейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес әркiмнiң азаматтық, әкiмшiлiк және қылмыстық сот iсiн жүргiзу кезiнде бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар», - Б.Сәменов.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі мынадай нысанда көрсетіледі: құқықтық кеңес беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру және т.б.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары алимент, зейнетақы мен жәрдемақы өндіріп алу, оңалту, босқын немесе кандас мәртебесін алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, еңбекпен байланысты денсаулығына келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша тегін көрсетеді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жеңілдіктерге теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, әскери қызметшілерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлер, кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша, кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көп балалы отбасылар, аз қамтылған тұлғаларға да көрсетіледі.

Жоғарыда аталған адамдардың барлығы тұрғылықты жері мен орналасқан жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы.