Алматылық полицей көшедегі қарақшыларды ұстады

Алматылық полицей көшедегі қарақшыларды ұстады Сурет: 566.com.ua

Жәбір көрген азамат шапшаң түрде стационарлық модульдік пост қызметіне шағымданған.


Алматыдағы стационарлық модульдік постта отырған полиция сақшысы көшедегі қарақшыларды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, жергілікті тұрғын полицияға қылмыс туралы хабарлаған. Ер адамның айтуынша, «Сайран» автовокзалы аймағындағы аялдамада белгісіз екі адам оған жақындап, күш қолдану арқылы ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен.

Мамандардың айтуынша, тонаушылар қылмыс орнынан қашып кетуге тырысқан. Бірақ жәбірленушінің стационарлық модульдік постта қызмет еткен полиция қызметкеріне дер кезінде жүгінуі шешуші рөл атқарған. Полиция қызметкері күдіктілердің екеуін де «ізін суытпай» ұстады.



«Қолға түскен 38 жастағы К. және 29 жастағы Х.есімді азаматтар өз кінәларын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді және иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26