Алматылық оқырманға Түркияда басылған кітаптар тарту етілді

Алматылық оқырманға Түркияда басылған кітаптар тарту етілді
Сурет: Inform.kz

Оның ішінде үш тілде жарияланған «Абай», «Үш Арыс», «Олжас Сүлейменов», «Шыңғыс Айтматов», «Қалам мен қағаздың махаббаты» сынды кітаптар бар.

Бүгін Алматыда қазақтың классик ақын-жазушыларының Түркияда басып шығарылған кітап-альбомдарының қала кітапханаларына табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы шығарған қазақтың классик ақын-жазушыларының 24 кітап-альбомының 2000-ға жуық данасы Алматы қаласының кітапханаларына тарту етілді.