«АлматыҚалаЖарық» АҚ тұрғындардың 50-ден астам өтінімін орындады

«АлматыҚалаЖарық» АҚ тұрғындардың 50-ден астам өтінімін орындады Сурет: Nur.kz

Көше жарығының қазіргі жағдайына қатысты тұрғындардан көп сұрақ келіп түсуде.


Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жарықтың жиі өшуі, іркілістер, келіп түскен өтінімдерді орындау жылдамдығына қанағаттанбау орын алуда. Атап айтқанда, Алмалы ауданы бойынша күту уақыты 2 айға дейін жеткен, ал қызмет көрсету ұйымы тек 1 авариялық бригаданы қызметке тартқан», - деді қала басшысы Е.Досаев. 



1 тамыздан бастап аудан «АлматыҚалаЖарық» акционерлік қоғамымен ауданның көше жарығына қызмет көрсету бойынша дербес шарт жасасты, аталған компания өткен айда жұмысын қарқындатып, тұрғындардың 50-ден астам өтінімін орындады (21 авариялық, 30 аула жарығы), Төле би (46%-ке аяқталды, мерзімі - 15 қыркүйекке дейін), Гоголь (58%, қыркүйек айының соңына дейін) көшелерінде, Абай даңғылында (жұмыс басталды, қыркүйек айының соңына дейін аяқталады) жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.  Авариялар кезінде 7 бригада күн сайын шығып, өтінімдерді орындау уақыты 5 күнге дейін қысқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37