Алматыға қонуға мәжбүр болған рейстің 15 жолаушысы борттан шығудан бас тартқан

Алматыға қонуға мәжбүр болған рейстің 15 жолаушысы борттан шығудан бас тартқан Сурет: Ашық дереккөз

Ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған


6 cәуірде 15:30-дағы Ақтау - Шымкент рейсі Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.



"Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуе компаниясының кесірінен болмады. Әуе компаниясының кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз осы рейстің жолаушыларына сусындар мен ыстық тағамдар ұсындық", - делінген FlyArystan таратқан мәліметте.



Кейінірек FlyArystan Шымкент әуежайы рейстерді қабылдай бастағанын хабарлады. Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсінің Алматыдан ұшып шығуы үшін әуе компаниясы әуе кемесінде тиісті жұмыс жүргізуі қажет болған. Алайда бұл рәсімдер ұшақ борттан шығудан бас тартқан жолаушылардың кесірінен кешіккен.



"Алматыда қонуға мәжбүр болған КС7578 Ақтау - Шымкент рейсі қазіргі уақытта ұшуға дайындалып жатқанын және деструктив жолаушылармен болған жағдайдың шешілгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.



Кейін рейс Алматы уақыты бойынша 6 сәуірде сағат 23:02-де Шымкентке ұшып шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55