Алматыға Қаллеки театры гастрольдік сапармен келеді

Алматыға Қаллеки театры гастрольдік сапармен келеді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы қаласында 2-8 мамыр күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Гастрольдік сапар аясында Қаллеки театрының репертуарындағы үздік қойылымдар қойылады.

Атап айтқанда Т.Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасы (режиссері – Б.Ұзақов), М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы (Режиссері – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина), О.Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы (режиссері – Б.Сұлтанғазы), Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың «Алтайдан ауған ел» қойылымы (режиссері – Ф.Молдағали), А.Менчеллдің «Сен маған керексің» трагикомедиясы (режиссері – Ұ.Қарыпбаев), Н.Гәнжәуидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (Б.Абдураззаков), Ғ.Мүсіреповтің «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» музыкалық драмасы (режиссері – Г.Балпейісова), С.Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы (режиссері – Б.Ұзақов), Р.Мұқанованың «Бопай ханым» (режиссері – Ж.Жұманбай) тарихи трагедиясы  Алматы көрермендеріне ұсынылады.