Алматыға 1,4 трлн теңге инвестиция тартылды

Оның 127 млрд. теңгесі Алатау ауданына тиесілі.
Қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде атап өткендей, қала бойынша 1,4 трлн. теңге инвестиция тартылып, жалпы көлемі 12%-ке өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Тартылған инвестициялардың арқасында 2022 жылы Алматыда 57,5 мың жұмыс орны, оның ішінде 40,3 мың тұрақты (70%) жұмыс орны құрылды, бұл жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ға дейін төмендеткен негізгі фактор болды. Оның ішінде қаладағы әрбір бесінші жұмыс орны Алатау ауданында құрылды», - деді қала әкімі Алатау ауданының халқымен кездесуде.
Былтыр Алматы бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемі 1,2 трлн. теңгеге жуықтап, 42,7%-ға өсті. Алатау ауданы бойынша түсім 73,5 млрд. теңге.