Алматыдағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен қонақүйлердің 43%-дан астамы Ashyq жобасына қатысады

Алматыдағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен қонақүйлердің 43%-дан астамы Ashyq жобасына қатысады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы кезінде мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, Алматыда тамақтандыру қызметтерін ұсыну саласында жұмыс істейтін 7 017 жеке кәсіпкер мен заңды тұлға тіркелген. Мегаполисте 9 600-ден астам кәсіпорын Ashyq қосымшасын қолданады. Оның 43,5%-ы – қоғамдық тамақтану орындары мен қонақ үйлер.

«32 қызмет түрі бойынша кәсіпорындар жобаның қатысушысы бола алады. Егер 2 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында барлығы 6 419 қатысушы болса, бүгінде олардың саны 9 611-ге жетті», - деді Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Айтуар Қошмамбетов Ashyq-қа ең белсенді қатысуы байқалатын ТОП-5 қызмет түрін атап өтті. Бұл тізімге қоғамдық тамақтандыру объектілері - 2755 қатысушы, қызмет көрсету объектілері (сұлулық орталықтары мен салондары, маникюр мен педикюр, косметикалық және сұлулық шаштараз қызметтері) - 1548, бөлшек сауда объектілері - 1508, білім беру объектілері - 1149, фитнес және спорт клубтары - 543 кіреді.

«Еріктілер саны артты. Ashyq-та барлығы 11 891 осындай нысандар бар. Бұл жерде мен Ashyq жобасындағы еріктілерге жеңілдіктер мен преференциялар қолданылмайтынын атап өткім келеді», - деп қосты Айтуар Қошмамбетов.

31 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстандағы 121 838 кәсіпкерлік субъектілері Ashyq жобасының қатысушылары болып табылады.