Алматыдағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметінің жолы кесілді

Алматыдағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметінің жолы кесілді
Сурет: Gov.kz

 Монша ішіне жасырылған астыртын казинода тұрақты клиенттерді өткізу жүйесі жасалған. Ойыншылардың қаражатын қабылдау казино ұйымдастырушыларының карта шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылып келген. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қаладағы монша кешендерінің бірінде орналасқан астыртын казино қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тексеру кезінде мекемеде 23 ойыншы, сондай-ақ қызмет көрсетуші персонал болғаны анықталды.

Қызметкерлер шұға, түрлі номиналдағы ойын фишкаларын, колодадағы пластикалық карталарды тәркіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген орындардан тыс казино және ойын автоматтарының қызметіне тыйым салынған.

Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.