Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшыны ұрған азамат ұсталды

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшыны ұрған азамат ұсталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ол Медеу аудандық полиция бөліміне жауап алу үшін жеткізілді.

Қала полицейлері Алматыдағы мейрамханалардың бірінде даяшының бетінен жұдырықпен ұрған ер-азаматты ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, даяшыны ұрған азаматтың кім екені анықталған.  

«У. есімді 29 жастағы ер-азамат қолға түсті. Қазіргі таңда ол Медеу аудандық полиция бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Кінәлі азамат жауапкершілікке тартылады. Оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады», – дейді полиция өкілдері.

Бұған қоса, полицейлер кінәлі азаматтың кешірім сұрағанын жеткізді. 

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде орын алған бұл жағдайды әлеуметтік желі пайдаланушылары қызу талқылаған болатын. Қазақстандықтар даяшыны ұрған азамат жауапкершілікке тартылу керек деген пікір білдірген.  

«25 шілде күні 10:00-де мейрамханаға таңғы ас ішуге келгенмін. Даяшы үстіме байқаусызда кофе төгіп алды. Сол үшін мен оны ұрдым. Қатты ұрған жоқпын. Бірақ бұл дұрыс емес екенін түсініп тұрмын. Кешірім сұраймын», – дейді айыпталушы.