Алматыдағы марафонға бес мыңға жуық адам қатысты

Алматыдағы марафонға бес мыңға жуық адам қатысты
сурет: com/almatymarathon/

Марафонға шетелдіктер де қатысты.

Мегаполисте дәстүрге айналған «Алматы марафоны» өтті. Оған бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Желаяқтар бәсекесінде бақ сынау үшін шетелден келгендер де болды. Таңғы алтыда жарыс жолына шыққан олар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсті. Қатысушылар дәстүрлі 10 және 42 шақырымдық марафоннан бөлек скандинавиялық жүрістен де үздікті анықтады. Сондай-ақ 6 адамнан құралған командалар да жүлдеге таласты. Спорттық шараға белсене қатысып, мәреге жеткендерге арнайы медаль берілді.

«Мен Алматыда бес жылдан бері тұрып жатырмын. Осы марафонға үшінші рет қатысып отырмын. Мен жүгіруді жақсы көремін және мұндағы көңіл-күй керемет. Мұнда жүгірген сайын қуат ала түсесің, мен жартылай марафонды таңдадым және нәтижеме ризамын», - деді Оңтүстік Африка азаматшасы Марта Сибасэ.