Алматыдағы карантинді бұзушылар тізімінде – Tandoor, «Плов хана», «Мауи», «Атмосфера»

Алматыдағы карантинді бұзушылар тізімінде – Tandoor, «Плов хана», «Мауи», «Атмосфера»
Сурет: Almaty-akshamy

Мамандар алматылықтарды саналы түрде қауіпсіздікті сақтауға, көп адамдар жиналған орындарға бармауға шақырады.

Алматының мониторинг топтары карантиндік бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда. Тексерушілер коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мобильді топтар биылғы жылы 2700-ге жуық заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы коронавирус инфекциясын жұқтыру қарқыны бойынша «қызыл» аймақта тұрғандықтан, қоғамдық тамақтану орындары, адамдар көп жиналатын орындар, дүкендер және басқа да қоғамдық орындар тексерулер күндіз, кешке қарай және түнде тексерілуде.

Алайда, Алматы тұрғындары мен қонақтары коронавирустың жаңа штамдарының белсенді айналымына қарамастан, адамдар көп жиналатын орындарға, салтанаттарға баруда, той ұйымдастыруда, адам толы жабық орындарда уақыттарын өткізуді жалғастыруда.

Биылғы жылы 30 279 нысан тексеріліп, 2682 мекемеде карантиндік шаралардың бұзылғаны анықталды. 4 730 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға 163,6 млн 468 айыппұл салынды, маска режимін бұзғаны үшін 4 262 хаттама жасалды, 187 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

Карантинді жиі бұзатындарға қатысты 75 материал қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарына жіберілді, оның 64-іне қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Өткен аптада 12-17 шілде аралығында Алматыда 829 нысан тексерілді, оның 78-інде белгіленген шектеулер анықталды. Тексерулер нәтижесінде алматылықтарға жалпы сомасы 7,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Көбінесе бұзушылықтар Алмалы, Наурызбай және Медеу аудандарында анықталуда.

Мысалы, 14 шілдеге қараған түні 60-қа жуық келуші Алмалы ауданының Tandoor мейрамханасында болды. Сол түні «Плов хана» кафесінде бұзушылықтар анықталды.

15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні Медеу ауданындағы 60 адам болған «Мауи» кафесінде карантиндік талаптар бұзылды және Наурызбай ауданы Досмұханбетов көшесіндегі жеке үйде елуден астам қонақ болған салтанатты шара өткізу фактісі анықталды.

Ең көп тәртіп бұзушылық 17 шілдеге қараған түні Медеу ауданындағы 150 адам болған «Лейт найт шоу» барында анықталды. Дәл сол түні мобильді топ «БХБ» барында бұзушылықтарды тіркеді, мұндағы адам саны алдыңғыдағыдай.

Бұдан өзге,  «Лейт найт шоу» бары 18 шілдеде қайтадан мониторингтік топтың есебіне енді, тексерушілер бірден жүздеген тәртіп бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізуге тиіс болды. Сағат 2.00 шамасында бұрын карантиндік талаптарды бірнеше рет бұзған «Атмосфера» барында жұмыс режимінің бұзылғандығы анықталды.

Айтпақшы, өткен демалыс күндері Алматыда тексерушілер кәсіпкерлер жасаған 27 заң бұзушылықты тіркеді. Барлық фактілер бойынша аудандардың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдеріне беру және одан әрі тергеу үшін әкімшілік материалдар жинақталды.

Алматыдағы КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб мегаполистің кейбір мекемелері көптеген өтініштердің, ескертулердің болғанына және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарына қарамастан, жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарға немқұрайды қарайтындықтарын атап өтті. Тексерушілер көбінесе  келушілердің рұқсат етілген санын, жаппай іс-шараларды және мекеме қызметкерлерінің маска режимін сақтамауын тіркейді. Сонымен қатар, көптеген мекемелер Аshyq жобасымен жасаған келісімді алға тартады. Ал шын мәнісінде қосымша  дерт жұқтырғандарды анықтау үшін қолданылмайды.

Алматылықтарды саналы түрде қауіпсіздікті сақтауға, көп адамдар жиналған орындарға бармауға шақырады. Демалыс және мереке күндерін үйде вирустың таралуын және жұғуын болдырмау үшін отбасымен бірге өткізген жөн. Осы шаралар, оның ішінде вакциналану барлық кәсіпкерлерге дағдарыстан тезірек шығуға мүмкіндік береді.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметтері бойынша, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 798 жағдайы тіркелді, оның 706- ы симптомды. Инфекциялық стационарларда 2878 адам жатыр, оның 209-ы балалар. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 178 науқас емделуде, 29 адам ӨЖЖ аппаратына қосылған, 54 науқас инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында. Бүгінде 5091 науқас үйде, алматылық дәрігерлердің бақылауында, оның 4692-сі дерттің жеңіл және орташа ауыр дәрежесінде.