Алматыдағы демалыс күнгі локдаун бүгін алынады

Алматыдағы демалыс күнгі локдаун бүгін алынады
Сурет: Рervaya.kzz

ДСМ қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Садуақас Байғабылов Алматыда демалыс күндердегі локдаун 16 тамызда аяқталатынын мәлім етті.

Келесі аптадан бастап қаладағы Ashyq жүйесінің қатысушылары Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысына байланысты жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мегаполистегі демалыс күнгі локдаун 2 тамыздан 16-сына дейін созылған. 

Айта кетсек, 14-15 тамызда, демалыс күндері бірқатар нысандар өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Бұл шектеулер мына мекемелерге қатысты емес:

• орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары;
 • құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын ұйымдастыру;
 • байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау және басқалар);
 • гүл дүкендері, фотосалондар;
 • туркомпаниялар, бизнес-орталықтар;
 • қызметтің жекелеген түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің қызметтері және басқалар).
 • қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған.