Алматыдағы 135 үйдің лифтісі жаңартылды

Алматыдағы 135 үйдің лифтісі жаңартылды
Сурет: Kamenotec.kz

Бұл жұмысқа жергілікті бюджеттен екі жарым миллиард теңге бөлінген.

Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 135 көп қабатты үйде 300-ден астам лифт жаңартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бір лифтті ауыстыру үшін шамамен 10 миллион теңге қажет. Бұл соманы тұрғындар 15 жылдың ішінде қайтаруы керек. Осы күнге дейін биылға жоспарланған жұмыстың 90 пайызы аяқталған. Қаланың тұрғын үй қорында  5600-ден астам лифт болса, соның әлі 400-ге жуығы жаңартуды талап етеді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасады.

Мамандардың пікірінше, тұрғын үйдегі лифтілер 25 жылдан кейін ауыстырылып тұруы қажет.