Алматыдан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты

Алматыдан «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шықты
Сурет: Inform.kz

Пойыз шалғайда жатқан ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетеді.

Елді мекен үшін аса қат дәрігерлер, яғни тіс, көз, құлақ-мұрын дәрігерлері ауыл халқын тегін тексеріп, емдейді. Медициналық пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен, шағын операциялық бөлме және арнайы зертханамен жабдықталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Биыл жобаға алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер қосылды. Сапар аясында 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-консультациялық қызмет алады деп жоспарланып отыр.

«Алыс жатқан шалғайдағы ауылдарға өте көмегі көп тиеді.Себебі, ол жақтағы аудандық больницаларға бару үшін аралары ұзақтау - үш сағат,төрт сағат. Ал ол ауылдың тұрғындары ол жаққа көбінесе бара алмайды», - дейді медициналық пойыз қызметкері Дана Нұржанқызы. 

«УЗИ-ға түсіру мүмкіндігі бар.Дер кезінде анализдерді тапсыру мүмкіндігі бар.Бұл жерде кейбір уақыттарда шағын ота жасау мүмкіндіктері бар.35 -тен астам дәрігер болады. Балаларға да көмек көрсетіледі.Үлкен кісілерге де көмек беріледі», - дейді «Samruk-kazyna trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.