Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүреді

Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүреді
Сурет: Realkz.com

Жазғы мезгілде жол жүретін жолаушылардың көбеюіне байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Маңғыстау» және «Алматы-2 – Семей» бағытындағы коммерциялық жолаушылар пойызын жүргізетін болды.

Алматыдан Маңғыстау мен Семейге қосымша пойыздар жүретін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Маңғыстау» бағытындағы №287/288 және «Алматы-2 – Семей» бағытындағы №477/478 коммерциялық жолаушылар пойызы жүретінін хабарлайды. №287/288 пойызы 2021 жылғы 21 шілдеден бастап, ал, №477/478 пойызы 2021 жылғы 23 шілдеден бастап Алматы-2 станциясынан аптасына бір рет қатынайды» делінген компанияның хабарламасында.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге болады.