Алматыдан елордаға тағы бір Тальго қатынайтын болды

Алматыдан елордаға тағы бір Тальго қатынайтын болды
Сурет: Іnbusiness.kz

Жаңа пойыз елордадан 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан жасақталған Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2 бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания таратқан ақпарат бойынша, жолаушылар пойызы екі қаланың арасында күнара қатынайды.

«Пойыз Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан 2022 жылғы 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтіледі. Алматы-2 станциясынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүретін болады», - деп жазды ведомство.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерді) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуді сұрайды. Вагонда орын болмаған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануды ұсынады.

Ал кез келген сұрақтар бойынша 1433 нөміріне немесе Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарласуға болады.