Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер көбейді

Алматыдан Душанбеге ұшатын рейстер көбейді
Сурет: Fflegal.com

Рейстердің жалпы саны аптасына 6 ретке дейін жеткізілмек.

Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Осылайша, «Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.