Алматыдан 627 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 627 шақырым қашықтықта жер сілкінді
www.inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 27 қыркүйек күні 11 сағат 40 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 627 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 12.0. MPV магнитудасы 5.2. Бағыты 38.16°с.е. 73.59° ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.