Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 626 км қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Kt.kz

Зілзала ошағы Қытай аумағында орналасқан

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 29 қараша күні Алматы уақытымен сағат 12:45-те жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 626 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6. Магнитудасы 4.0. Жер асты дүмпуі 15 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.